Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 545 студент “WorldSkills Kazakhstan – 2023” республикалық чемпионатына қатысып жатыр. Бүгін елордада жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева қатысты.
“WorldSkills – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды әлемдік қозғалыстардың бірі. Біздің студенттер әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Польшадағы жарыстарда екі медаль мен төрт “үздік медальон” жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті.
Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.
Конкурс үш күн бойы өтеді. 23-25 қараша аралығында колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өздерінің шеберліктерін сынайды.
Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Түркістан облысының намысын қорғап жатқан жастарымызға сәттілік тілейміз!
Comments are closed