Бүгін колледжімізде әдіскер Ф.Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен «Заманауи сабақты тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарда тәжірибелі оқытушылар сабақ өтуге арналған түрлі жаңа әдістермен бөлісіп, жасалу жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда:
1. Арнайы пәндер оқытушысы-Қуанышбек Айгерім: Демоемтиханды ұйымдастыруда CIS бағдарламасын қолдану;
2. Дене тәрбиесі пәні оқытушысы – Мирзаханова Феруза: Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер;
3. Информатика пәні оқытушысы – Сүйкімбаева Сәбира: Жалпы білім беру пәндерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері;
4. Орыс тілі пәні оқытушысы – Хабибулла Зульфия: Исследование урока с целью повышения качества процесса преподавания и учения;
5. Дене тәрбиесі пәні оқытушысы – Турсунов Давлат: Дене тәрбиесі сабағын өткізудің заманауи әдіс-тәсілдері тақырыбында баяндама қорғады.
Семинардың мақсаты: Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, оқытушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту, өзара тәжірибе алмасу, әріптестерді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасау.
Comments are closed