Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қазіргі таңда өте өзекті. Кибербуллинг дегеніміз – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Ғаламторды пайдаланатын балалардың саны қазіргі уақытта күннен күнге өсіп келеді. Әлеуметтік желілерде қорлау көбінесе балалармен болып жатады. Сондықтан балалардың үйде интернетті пайдалануы ата-ананың бақылауында болу керек.

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 2024 жылы 11 қаңтар күні кәмелет жасына толмағандар арасында құқықбұзушылық және буллинг, кибербуллинг қылмыстарының алдын алу, балалар мен жасөспірімдер өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан ҚПБ ЖПҚ-ның ЮПТ-ның учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Кемпрекова Земфира және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан, колледж педагог-психологы Сауқымбаева Гулмира қатысты.

#

Comments are closed