Мамыр айының 13-і күні «Құқықтану» мамандығының студенттері Түркістан облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының ұйымдастыруы бойынша «Есірткіге, оның ішінде синтетикалық есірткіге және нашақорлыққа қарсы» тақырыбындағы іс шараға қатысты. Студенттерге Түркістан облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығында қызметтік-іздестіру иттердің есірткі мен жарылғыш заттарды табу және күдіктілерді ұстау жаттығулары көрсетілді.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Сартаев Даурен Бейсенбекұлы студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі, есірткіні қолдану белгілері, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қатысу және жауаптылық нысандары туралы айтып өтті.

#АхметЯсауи Колледжі

#

Comments are closed