26 қараша күні колледж мейірбикесі Н.Әсіл студенттерден «Мейірбике мен науқас арасындағы ынтымақтастық қағидаты» тақырыбында медициналық сауалнама алды. Науқастармен ашық, түсінікті, және сенімді қарым-қатынас орнату мейірбикенің кәсіби міндеттерін орындаудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.
Сауалнама барысында мейірбикенің жұмсақ дағдылары науқастардың көңіл күйіне әсері туралы және мейірбике мен науқас арасындағы қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы, оның медициналық қызмет көрсету тиімділігіне әсері, сондай ақ коммуникативтік дағдылардың нақты элементтері, мысалы тыңдау, сұрақ қою, түсініктемелер беру, эмпатия көрсету және сенімділік орнату туралы талқыланды.

#

Comments are closed