Қараша айының 4-і күні жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық құқықбұзушылықтар және де басқа да заң бұзушылықтарға қатысты профилактикалық жұмыстың «Біз бір-бірімізді құрметтейік» апталығының жоспары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ІІБ қызметкерімен кездесу өтті.
Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Б.Мейрханов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, педагог-психолог Г.Сауқымбаева жалпы студенттермен кездесу өткізіп, студенттерге қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берді. Кәмелеттік жасқа толмаған жастарды вандализм, лудоманияға, буллинг, кибербуллингке бармауға, алаяқтық және құқық бұзушылықтан, темекі және өзге де зиянды заттардан аулақ болуға шақырды.

#

Comments are closed