2024-2025 оқу жылының ақпан айының үшінші жұлдызында «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Цифрлық мүмкіндіктер: ғылым мен дизайн тоғысында» тақырыбындағы айлық іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті.
Ашылу салтанаты кезінде ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалып, Шәмші әндері шырқалды және «Күй шашу» биі биленді. Физика, математика және информатика пән оқытушылары дайындаған сергіту сәтіне арналған ойындар ойнатылды.
Іс-шара соңында бірлестік төрағасына сөз кезегі беріліп, айлық іс-шарасының жоспары таныстырылды.

#

Comments are closed