Колледжімізде өткен дәстүрлі “YASSAWI TECH MARATHON II” сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сайыс 3 негізгі бағыт бойынша өтті:

1️⃣ Бағдарламалау
2️⃣ Графикалық дизайн
3️⃣ Киберспорт (CS 1.6)

Сайыста жалпы 8 команда өзара бақ сынап, әр кезеңде өз білімін, логикасын, шеберлігін және командалық жұмысын көрсетті. Қатысушылардың дайындығы, белсенділігі және технологияға деген қызығушылығы ерекше байқалды.

Нәтижесінде үздік 3 команда ақшалай жүлде иеленсе, қалған командаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бұл сайыс студенттердің ақпараттық технологиялар саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор үлес қосты.

#

Comments are closed