2026 жылғы 17 сәуір күні «Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) бірлестігінің «Тарих, сан және сән: ғылым мен дизайн үндестігі» атты апталық іс-шарасы аясында география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаева ЭЕМ-0925-2 тобына «Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын негізгі демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді, атап айтқанда халық саны, туу мен өлім көрсеткіштері, өмір сүру ұзақтығы және сауаттылық деңгейін түсіндіру. Сонымен қатар, осы көрсеткіштерді талдау арқылы елдердің даму деңгейін салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Comments are closed