16.04.2026 ж. күні «ТМД елдеріне асыл тұқымды жылқылар және жарыс аттарын импорттау үшін қойылатын талаптар» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Арихова Салтанаттың ұйымдастыруымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер асыл тұқымды жылқыларды ТМД елдеріне импорттау талаптары және ветеринариялық қауіпсіздік шараларымен танысты. Импорт алдында жануарларды карантиндеу, жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу және импорт кезінде қажет негізгі құжаттар — ветеринариялық сертификат, жануардың шығу тегі туралы куәлік, паспорт, кедендік декларация — жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттер «Рөлдік ойын» әдісі арқылы ветеринар, импорттаушы және кеден қызметкері рөлдерін сомдап, тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Бұл әдіс олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

#

Comments are closed