Сәуірдің 16 жұлдызында ВДН-0925-1 топ студенттерінің ата-аналарымен куратор Исакова Диараның ұйымдастыруымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында куратор студенттердің оқу үлгерімі туралы толық ақпарат беріп, арнайы диаграмма арқылы білім көрсеткіштерін таныстырды. Сонымен қатар, алдағы емтихан кезеңіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға қажетті мәліметтер ұсынылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты — ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, студенттердің білім сапасын бірлесе бақылау. Осындай кездесулер білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуына оң әсерін тигізеді.
Барша ата-аналарға жиналысқа қатысып, қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамыз!

Comments are closed