2026 жылғы 15 сәуір күні Түркістан облысының әкімімен бірлесіп ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына оқу орнымыздың ерікті студенттері белсенді түрде қатысты.
Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің жасыл желегін арттыру мақсатында өткізілді.
Акция барысында студенттер жоғары ұйымшылдық пен азаматтық жауапкершілік танытып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Олар ағаш отырғызу жұмыстарына белсене қатысып, экологияны сақтаудың маңыздылығын іс жүзінде дәлелдеді.
Мұндай игі бастамалар жастардың экологиялық сана-сезімін арттырып, қоғамға пайдалы істерге белсенді араласуына үлкен мүмкіндік береді.

Comments are closed