14.04.2026 ж. күні математика пәнінің оқытушылары Халила Жансая мен Балтабаева Замираның ұйымдастыруымен «Тарих, сан және сән: ғылым мен дизайн үндестігі» атты апталық іс-шарасы аясында математика пәні бойынша «ОйLAN» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Аталған сайыс білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі деңгейдегі есептерді шешіп, өздерінің шапшаңдығы мен тапқырлығын көрсетті. Командалар өзара білім бәйгесіне түсіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық әлеуетін шыңдау болды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар марапатталып, ерекше белсенділік танытқан студенттерге алғыс білдірілді.
💡 Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

#

Comments are closed