Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев, оқытушылар К. Аяпов, Д. Абдулла және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды. Нәтижесінде 10 жасөспірім полиция бөліміне жеткізіліп, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, олардың ата-аналарына хабар беріліп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі жөнінде ескертілді.
Аталған бағыттағы іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Comments are closed