Жатақхана студенттерімен «Стресс-менеджмент: күйзеліске берілмей, өзіңді басқар» тақырыбында пайдалы тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер күйзелісті басқарудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, эмоцияны реттеу, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын меңгерді. Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар түрлі жаттығулар мен пікір алмасу арқылы тәжірибе жинақтады.
Тренинг мазмұнды, әсерлі әрі жоғары ұйымшылдық деңгейінде өтті. Студенттер белсенділік танытып, жағымды әсер алып, өздері үшін құнды тәжірибе қалыптастырды.

#

Comments are closed