Бүгін студенттерге арналған өзекті тақырыпта мазмұнды әрі пайдалы тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өз сезімдерін тану, стрессті тиімді басқару және қиын жағдайларда өз-өзіне қолдау көрсету жолдарымен танысты. Тренинг аясында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, тәжірибелік жаттығулар орындалып, қатысушыларға күнделікті өмірде қолдануға болатын құнды кеңестер ұсынылды.
Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсете білді.
Мұндай кездесулер жастардың психологиялық саулығын нығайтып, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға зор ықпал етеді.
Ішкі тепе-теңдік пен эмоционалдық тұрақтылық – әрқайсымыз үшін маңызды құндылық.

Comments are closed