Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Хикметтерім барша әлемге жыр дастан» атты Ясауи хикметтерін жатқа айтуға арналған интеллектуалды білім сайысы өтті. Аталған сайыс Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде Түркістан қаласында өткізіледі.
Байқауда колледжіміздің студенттері жоғары нәтиже көрсетті:
🥈 1-курс студенті Бабахан Кәусар жүлделі II орынды иеленді.
🌟 «Даналық нұрын жаюшы» номинациясымен 1-курс студенті Абдулракимұлы Мухаммадамин марапатталды.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын, шығармашылық табыстар тілейміз!

Comments are closed