22.04.2026 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Шабыт» жобасы шеңберінде «Сапта жүру және ән айту» атты әскери саптық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың патриоттық рухын көтеру, тәртіпке баулу, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту болды.
Саптық дайындық барысында қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, әскери әндерді нақышына келтіре орындады. Әрбір топ белсенділігімен, жауапкершілігімен және бірлігімен ерекшеленді.
Мазмұны терең, тәрбиелік маңызы зор мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды нағыз адал, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

#

Comments are closed