2026 жылдың 21 сәуір күні «Мейрамханада қызмет көрсету» мамандығы аясында «Ұлттық тары шай ұсыну» тақырыбында WorldSkills стандарттарына сәйкес шебер сынып ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге қонақтарға ұлттық сусынды кәсіби деңгейде ұсыну техникасын үйрету және қызмет көрсету сапасын арттыру.
Шебер сынып барысында білім алушылар тары шай дайындау, майлық бүктеу, коктейль әзірлеу сияқты практикалық дағдыларды меңгеріп, мейрамханадағы қызмет көрсету әдебі мен мәдениетін тәжірибе жүзінде игерді. Сонымен қатар, қатысушылар қонақпен қарым-қатынас жасау, қызмет көрсету этикасын сақтау секілді маңызды кәсіби қабілеттерін жетілдірді.
Аталған шара ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды.

Comments are closed