2026 жылғы 21 сәуір күні колледжімізде топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Экостильдегі өмір» тақырыбында экологиялық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге экологиялық өмір салтының маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және күнделікті өмірде эко-әдеттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар экологиялық мәселелерді талқылап, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, энергияны үнемдеу жолдары бойынша өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыстар арқылы табиғатты қорғаудың тиімді тәсілдері ұсынылды.
Нәтижесінде студенттердің экологиялық мәдениеті қалыптасып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасы нығая түсті.

Comments are closed