«Ветеринария» мамандығының студенттері «Бөрте милка» сүт зауытына ұйымдастырылған экскурсия барысында теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастырды.
Экскурсия кезінде студенттерге сүт сапасына тікелей әсер ететін негізгі факторлар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Голштейн тұқымды сиырлардың ерекшеліктерімен танысып, олардың жоғары сүттілігімен танымал екеніне көз жеткізді. Тәжірибе барысында малды күтіп-баптау, дұрыс азықтандыру және өнімділікті арттыру жолдары көрсетілді.
Сондай-ақ қолдан ұрықтандыру процесіне ерекше назар аударылды. Мамандар бұл әдістің тұқымды асылдандырудағы маңызын, генетикалық сапаны жақсартудағы және аурулардың алдын алудағы тиімділігін түсіндірді.
Экскурсия аясында студенттер УЗИ құрылғысының жұмыс істеу принципімен танысып, малдың буаздығын ерте кезеңде анықтау жолдарын және нәтижелерді талдау тәсілдерін көрді. Бұл әдістің мал шаруашылығында уақытты үнемдеп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Comments are closed