2026 жылғы 8 мамыр күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастардың бойында патриоттық рух қалыптастыру, тарихи сананы нығайту, ел қорғаған батырлардың ерлігі мен өнегелі жолын дәріптеу.
Тәрбие сағаты барысында білім алушылар халқымыздың қаһарман ұл-қыздарының жанқиярлық ерліктері туралы ой бөлісіп, олардың Отан алдындағы адал қызметіне құрмет көрсетті. Сонымен қатар студенттерге бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру, ел тарихына тағзым ету және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында мазмұнды пікірлер айтылды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи мұраны қастерлеуге зор ықпал етеді.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат. Батырларымыздың асқақ рухы мен өшпес ерлігі халық жадында мәңгі сақталады.

Comments are closed