2026 жылдың 1–2 мамыр күндері Түркістан қаласында өткен A-WPSO/WPSO Федерациясының Азия кубогында білім алушымыз Халиков Рамзиддин жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
Ол 75 кг салмақ дәрежесінде, 16–19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «экстрим бицепске көтеру» дисциплинасы бойынша 85 кг нәтижемен жеңімпаз атанды.
Бұл жетістік – табандылықтың, еңбектің және спортқа деген шынайы құлшыныстың нәтижесі. Рамзиддинді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің намысын асқақтата беруіне тілектеспіз!

#

Comments are closed