Мамыр айының 17-сі күні «WorldSkills Turkistan – 2026» облыстық чемпионатына қатысушы студенттерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны педагог-психолог А.Тураева және әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан өткізді. Семинар-тренинг барысында қатысушыларға жарыс алдындағы дайындық, күйзеліс себептерін анықтау және оны жеңу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттер эмоцияны басқару, стресстің алдын алу, медитация жасау және тыныс алу жаттығулары бойынша пайдалы кеңестер алды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, психологиялық дайындықтарын тағы бір пысықтады.
Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Comments are closed