«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқу ордамыздың студенттері мен оқытушылары бірлесіп колледж аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған шара қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және білім ордамызда қолайлы орта жасауға бағытталды.
Тазалық жұмыстары барысында колледж аумағы қоқыстан тазартылып, айналаны көркейтуге үлес қосылды. Бұл – тек сенбілік қана емес, студенттер мен ұстаздардың тазалыққа, тәртіпке және ортақ жауапкершілікке деген саналы көзқарасының көрінісі.
Біз қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалық мәдениетін насихаттауды басты құндылықтардың бірі деп санаймыз. Әрбір адам өз ортасының тазалығына бейжай қарамай, қоғам игілігі үшін үлес қосуы маңызды.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Өйткені тазалық тазаланған жерде емес, тазалық сақталған жерде!

#

Comments are closed