Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, полковник Нуржанов Дилмурад Абдурашитович Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында түлектерге әскери қызметке шақыру тәртібі, мерзімді әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жастарға әскери қызметтің тәртіпке, жауапкершілікке, патриоттық рухқа тәрбиелейтіні айтылып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етудің абыройлы міндет екені кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

#

Comments are closed