Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың болашаққа тигізетін кері әсері туралы ақпараттандыру мақсатында «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында кең ауқымды флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары, АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу саласының қызметкерлері, сондай-ақ «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің белсенді жастары қатысты.
Акция барысында қатысушылар көпшілікке арналған флешмоб өткізіп, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара кезінде жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, есірткінің адам денсаулығына, қоғамға және болашақ өміріне тигізетін зияны жөнінде маңызды мәліметтер ұсынылды.
Іс-шара қорытындысында жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен насихатталып, есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың өзектілігі ерекше атап өтілді.
Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі! Есірткіге жол жоқ!

Comments are closed