4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледжде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны Жастар ұйымының төрағасы Т.Батырбек пен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Б.Садулла ұйымдастырды. Шара барысында колледж қызметкерлері мен студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары. Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың бірлігі мен елдік рухын айқындайтын қасиетті құндылықтар болып табылады.
Осындай тағылымды іс-шаралар жастардың отансүйгіштік сезімін арттырып, мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге, елін сүюге және Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.

Comments are closed