Колледжімізде оқу үдерісінің маңызды кезеңдерінің бірі — аралық аттестаттау басталды.
Аралық аттестаттау білім алушылардың теориялық білімін, практикалық дағдыларын және кәсіби құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған жауапты кезең болып табылады. Бұл — әр студенттің оқу барысында жинақтаған білімін жүйелеп, өз мүмкіндігін көрсетуіне берілетін маңызды мүмкіндік.
Осы кезеңде барлық білім алушыларды жауапкершілік танытып, емтихан талаптарын сақтауға, уақытты тиімді пайдаланып, жоғары нәтижеге ұмтылуға шақырамыз.
Барша студенттерге аралық аттестаттаудан сәтті өтіп, үздік нәтиже көрсетуіне тілектеспіз!

#

Comments are closed