Колледжімізде «Аспазшы» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан өтті.
Емтихан барысында білім алушылар өздерінің кәсіби даярлық деңгейін көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Болашақ аспазшылар тағам дайындау технологиясын сақтау, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, уақытты тиімді пайдалану және дайын өнімді талапқа сай ұсыну бойынша дағдыларын танытты.
Демонстрациялық емтихан — студенттердің таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін, еңбекке бейімділігін және кәсіби ортаға дайындық деңгейін айқындайтын маңызды сынақ. Әрбір орындалған жұмыс білім алушылардың ізденісін, ұқыптылығын және мамандыққа деген қызығушылығын көрсетті.
Болашақ аспазшыларға кәсіби жолда сәттілік, шығармашылық табыс және биік жетістіктер тілейміз!

#

Comments are closed