Колледжімізде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін бағалау мақсатында бірқатар мамандықтар бойынша демонстрациялық емтихандар өткізілді.
Атап айтқанда, «Дене тәрбиесі және спорт», «Киім дизайны», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары бойынша білім алушылар өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын іс жүзінде көрсетті.
Демонстрациялық емтихан барысында студенттер мамандықтарына сәйкес тапсырмаларды орындап, еңбек нарығына қажетті практикалық қабілеттерін дәлелдеді. Бұл емтихан — білім сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби деңгейін анықтауға және болашақ мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған маңызды кезең.
Барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!

#

Comments are closed