Колледжімізде түлектерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
Бұл – білім мен еңбектің, табандылық пен ізденістің нәтижесін айқындайтын ерекше күн. Бітіруші түлектер оқуын сәтті аяқтап, кәсіби өмірге алғашқы қадамдарын жасады.

Құрметті түлектер!
Сіздерді маңызды белестеріңіздің бірі – диплом алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз өздеріңізді жаңа жетістіктерге жетелеп, таңдаған мамандықтарыңызда биік белестерді бағындыруға жол ашсын.
Ақ жол, жас мамандар! Жарқын болашақ пен толағай табыстар тілейміз!

#

Comments are closed