Түркістан қаласында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы, полиция қызметкерлері, сондай-ақ қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Рейд жұмысына **колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ** да белсенді атсалысты.
Рейд барысында жастар көп жиналатын қоғамдық орындар араланып, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастарға қауіпсіздік ережелері, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік жөнінде ақпарат беріліп, жадынамалар таратылды.
Іс-шара барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және бос уақыт

Comments are closed