«02120200 – Киім дизайны» мамандығының 4S02120203 – Киім дизайнері біліктілігі бойынша талапкерлерге арналған шығармашылық емтиханның ІІ кезеңі өткізілді.

Екінші кезеңде талапкерлер «Силуэтті композициялау» тапсырмасын орындап, өздерінің шығармашылық ізденісі мен дизайнерлік ойлау қабілетін көрсетті. Әрбір жұмыс қолданыстағы талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес комиссия мүшелері тарапынан объективті бағаланды.

Осылайша, мамандыққа қабылдау аясындағы шығармашылық емтиханның екі кезеңі де толық аяқталды. Бұл кезең талапкерлердің кәсіби бейімділігі мен шығармашылық әлеуетін айқындауға мүмкіндік берді.

Барлық талапкерлерге алдағы қабылдау кезеңінде сәттілік тілейміз!

#

Comments are closed