Құрметті студенттер!

2026–2027 оқу жылына №3 жатақханадан орын алуға ниетті білім алушылар үшін құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

📌 Қажетті құжаттар тізімі:

Колледж басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
Отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;
Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
Отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама;
№075 медициналық анықтама, мүгедектігі туралы анықтама (бар болған жағдайда);
Ата-анасының жұмыссыздығы туралы анықтама;
Жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, туу туралы куәлік);
2 дана сурет;
1 дана жеке іс папкасы (дело).

📚 Жатақханаға орналасуға өтініш білдіретін студенттерден қажетті құжаттарды толық жинақтап, уақытылы тапсыру сұралады.

#

Comments are closed