Қыркүйек айының 9-ы күні колледж білім алушылары арасында әлімжеттік, бопсалау және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері – ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Сүйіндік Қазыбек Жабайқалиұлы, ҚҚБ УПИ, полиция лейтенанты Әкімбек Мұхамедәлі Бекайдарұлы және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, әлімжеттік пен бопсалауға жол бермеу, сондай-ақ жастар арасында орын алуы мүмкін түрлі құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және көшеде жүруіне қатысты заң талаптары түсіндіріліп, белгіленген талаптарды сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Жасөспірімдерге заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну және қоғамға пайдалы, ізгілікті көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет! Заңды білу және сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.

#

Comments are closed