**«Таза Қазақстан»** акциясы аясында №3 жатақхана студенттерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.
🌱 Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Сенбілік барысында студенттер жатақхана аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Бірлік пен жауапкершілік танытқан жастар тазалықтың қоршаған ортаға деген құрметтен басталатынын көрсетті.
💚 **Тазалық – ортақ міндет. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!**
Бірге таза әрі жайлы орта қалыптастырайық! 🌿

Comments are closed