Отбасы – сыйластық пен жарастық орнаған, әр адам үшін ең қымбат мекен, кішкентай Отан.
Отбасы күніне орай колледж фойесінде «Бақытты отбасы – бақытты ел» және «Бақытты отбасы ағашы» тақырыптарында психологиялық ой бөлісу акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараны колледж психологы Б. Бекенова мен оқытушы Т. Шәмшат ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, мейірімділік пен өзара қолдауды насихаттау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру.
Акция барысында білім алушылар:
🌳 отбасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті;
🤍 отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі мен қамқорлығы туралы ой қозғады;
🌿 «Бақытты отбасы ағашына» ізгі тілектер мен жылы лебіздерін жазды.
Іс-шараға колледж білім алушылары белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді.
Бақытты отбасы – берекелі қоғамның негізі. Ал берекелі отбасының бастауы – махаббат, сыйластық, түсіністік пен өзара қолдау.

#

Comments are closed