2026 жылғы 14 қыркүйекте кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледжге іргелес аумақта орналасқан дүкендерде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Түркістан қалалық полиция басқармасы ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Қ. Сүйіндік және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында дүкен иелері мен сатушыларына кәмелетке толмағандарға электрондық темекі, вейп, темекі өнімдері және заңнамада сатуға тыйым салынған өзге де өнімдерді өткізуге жол берілмейтіні ескертілді.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🎯 Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерден қорғау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Заңды сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!

#

Comments are closed