Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» оқу ордамыздың жастарының қатысуымен «Бір шаңырақ астында» жобасы аясында «Заңды біл, өзіңді қорғай біл» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ел бірлігі құндылықтарын дәріптеу.

Кездесу барысында жастар «Достық үйінің» тыныс-тіршілігімен танысып, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Медиация кабинетінде болып, құқықтық сауаттылық, азаматтардың өз құқықтарын қорғауы және даулы мәселелерді медиация арқылы бейбіт жолмен шешу тетіктері жөнінде мағлұмат алды.

Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы сөз қозғалды. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды білу және оны сақтау, азаматтық жауапкершілікті сезіну мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева «Достық үйінің» түрлі этнос өкілдерін ортақ �

#

Comments are closed