«Өндірістегі 10 күн» акциясының төртінші күні «Оқытамыз ба – өндіріс сұрай ма?» тақырыбымен жалғасын тапты.
Акция аясында «Аспазшы» мамандығының білім алушыларының өндірістік практика барысындағы кәсіби дағдыларына назар аударылып, колледжде алған білімдері мен өндірістегі нақты жұмыс талаптарының өзара сәйкестігі зерделенді.
Өндірістік практика барысында білім алушылар тағам дайындаудың технологиялық үдерістерін орындап, заманауи асүй жабдықтарын қолдану, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, санитариялық-гигиеналық және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Бұл күннің негізгі бағыты – «Білім беру бағдарламасы ↔️ өндіріс талабы» қағидаты негізінде теориялық білім мен практикалық дайындықтың сабақтастығын саралау. Өндірістік орта студенттің қандай дағдыларды меңгергенін ғана емес, болашақ маман ретінде қандай құзыреттерін одан әрі жетілдіру қажет екенін де айқындауға мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы талдау нәтижелері білім беру бағдарламаларының мазмұнын өндірістің заманауи талаптарына бейімдеуге, практикалық даярлықты күшейтуге және еңбек нарығына дайын маман қалыптастыруға негіз бола

Comments are closed