Колледж студенттері арасында күз-қыс мезгілдерінде жиі таралатын вирустық аурулардың, соның ішінде тұмау мен қызылшаның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студенттерге аталған аурулардың жұғу жолдары, клиникалық белгілері, емдеу тәсілдері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, иммунитетті нығайту және ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттердің вирустық аурулар туралы білім деңгейін анықтау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың көкейіндегі сауалдарға жауап берілді.

#

Comments are closed