Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мәртебесін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқытушылары мен студенттері Түркістан қаласындағы Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінде «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбын өткізді.
Кәсіптік бағдар беру шарасы барысында колледждің «Ветеринария», «Аспазшы» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары таныстырылып, әр мамандықтың ерекшелігі, кәсіби мүмкіндіктері мен болашақтағы маңызы туралы ақпарат берілді.
🐾 Ветеринария бағыты бойынша жануарларға күтім жасау, олардың саулығын сақтау және ветеринар маманының кәсіби қызметі таныстырылды.
👨🍳 Аспазшы мамандығы бойынша студенттер кәсіби шеберліктің қыр-сырын көрсетіп, тағам дайындаудағы заманауи тәсілдер мен шығармашылық мүмкіндіктер туралы бөлісті.
💻 Бағдарламалық қамтамасыз ету бағыты бойынша IT саласының мүмкіндіктері, бағдарламалау негіздері және цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы рөлі түсіндірілді.
Шеберлік-сыныбы барысында мектеп оқушылары мамандықтар туралы көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, колледж студенттері

#

Comments are closed