«Тағам өндірісі және ветеринария» пәндік (циклдік) бірлестігінің «Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шарасы аясында колледждің І курс білім алушылары арасында химия пәнінен колледжішілік олимпиада өткізілді.
Пән оқытушылары Қ. Катекова мен Ж. Сабеттің ұйымдастыруымен өткен олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Білім сайысы барысында қатысушылар пән бойынша білімдерін саралап, логикалық ойлау қабілеттері мен ізденімпаздықтарын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын – Қараева Тұнжыр, ЭЕА-0926 тобының студенті;
ІІ орын – Жарылқасын Арайлым, ЗҚТ-0926 тобының студенті;
ІІІ орын – Ерметов Дилнур, ТКА-0926-2 тобының студенті.
Олимпиада білім алушылардың пәндік білімдерін шыңдап, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

Comments are closed