«Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шара аясында колледждің ТКА-0926-2 тобының І курс студенттері «Top Tobe Grand Hall» өндіріс орнына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында білім алушылар қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыс ерекшеліктерімен, тағам дайындау және ұсыну үдерістерімен, қызмет көрсету мәдениетімен және мамандардың кәсіби міндеттерімен танысты.
Танымдық сапар студенттерге өндірістік ортаны жақыннан танып, теориялық білімнің тәжірибемен байланысын түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл экскурсия – болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығын арттырып, таңдаған мамандығына деген сенімін нығайтқан маңызды қадам.

#

Comments are closed