«Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шарасы аясында ТКА-1126 тобының 1-курс студенттері «Ұлы Дала Елі» орталығына танымдық саяхат жасады.
Саяхат барысында білім алушылар халқымыздың бай тарихымен, ұлттық құндылықтарымен және мәдени мұрасымен танысып, тарихи жәдігерлер арқылы ел тарихына қатысты танымдық мәліметтер алды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық рухын көтеру, мәдени мұраға деген құрметін арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Осындай танымдық саяхаттар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, туған елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етеді.
Тарихын таныған, ұлттық құндылығын қастерлеген ұрпақтың болашағы жарқын!

#

Comments are closed