Республика күні – елдігімізді ұлықтап, тәуелсіздікке бастау болған тарихи таңдауымызды дәріптейтін, ұлттық рухымызды асқақтататын ерекше мереке.
Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, азаттық жолындағы арман-мұратының айқын көрінісі. Тарихы терең, рухы биік қазақ елінің басты байлығы – бейбіт өмірі, берекелі бірлігі мен жарқын болашағы.
Еліміздің ертеңі – білімді, саналы, отансүйгіш жас ұрпақтың қолында. Осы орайда колледжіміздің ұжымы мен білім алушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ел дамуына үлес қосуды басты мұрат санайды.
✨ Барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк байрағымыз биікте желбіреп, Қазақстанымыз өркендей берсін!
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!

#

Comments are closed