«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Есірткісіз болашақ» нашақорлыққа қарсы форумы шеңберіндегі профилактикалық іс-шаралар бағдарламасына сәйкес колледж білім алушыларына «Дұрыс таңдау – жарқын болашақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингті колледж педагог-психологы, педагогика ғылымдарының магистрі Бекенова Бахытгүл Дүйсенәліқызы ұйымдастырды.
Тренинг барысында білім алушылар дұрыс шешім қабылдау, өмірлік құндылықтарды бағалау, алдына нақты мақсат қоя білу, өзіне деген сенімділікті арттыру бағытында түрлі психологиялық тапсырмалар мен жаттығулар орындады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және кез келген жағдайда саналы таңдау жасауға ынталандыру.
Әрбір дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар қадам!

#

Comments are closed