11 қараша күні оқу ордамыздың студенттері арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік негізі» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Диктант жұмысына колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев жетекшілік етіп, топ жетекшілері Ж. Нышанбекова, Д. Сәдуақас және А. Үрлібаева ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.
Шараның негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке қаржыны тиімді басқаруға үйрету, қаржылық алаяқтық түрлерінен сақтану жолдарын түсіндіру және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру. Осындай танымдық іс-шаралар жастардың қаржылық жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі саналы өмір сүруіне ықпал етеді.

#

Comments are closed