«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» атты нашақорлыққа қарсы форум өтті. Ауқымды іс-шара облыс көлемінде ұйымдастырылған онкүндік профилактикалық жұмыстардың қорытындысына арналды.

Форумға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Абай Жүсіпов, ҚР Құрылтайының депутаты Гүлісхан Нахбаева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлеймен, «Жайдарман» жобасының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Есен Елеукен және оқу ордамыздың студенттері қатысты.

Форумның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда есірткі қылмысына қарсы ортақ ұстаным қалыптастыру.

Іс-шара барысында есірткіге тәуелділіктің адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамға тигізетін зияны кеңінен талқыланды. Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен мәдениетке баулу

#

Comments are closed